Исрада оң мен солдан келген шақыруларға бұрылмауы
Риуаят
Исра жолында оң және сол жағынан бір-бір шақырушының «Уа, Мұхаммед, тоқта, сенен сұраймын» деп үн қатуы және қолдарын жайған әсемденген бір әйелдің көрінуі, ешбіріне бұрылмауы; Жәбірейілдің бұларды яһудилердің даиі (шақырушысы), христиандардың даиі және дүние деп түсіндіріп: «Жауап бергеніңде үмбетің яһуди/христиан болып, дүниені ақыреттен артық көрер еді», – деуі.
Тарихи мәнмәтін
Исра және Миғраж (шамамен б.з. 621 жыл)
Осы бөлімнен тағы
Исра және Миғраж
Сүт пен шарап арасынан сүтті таңдауы
Бәйтүл-Мақдисте (кей риуаяттарда көктерде) өзіне сүт пен шарап (кей риуаяттарда су не бал да) ұсынылғанда сүтті таңдауы; Жәбірейілдің «Фытратты таңдадың; шарапты алғаныңда үмбетің адасар еді» деуі.
Исра және Миғраж
Жәбірейілдің жартасты тесіп Бурақты байлауы
Бәйтүл-Мақдиске барғанда Жәбірейілдің саусағымен жартасты тесіп, Бұрақты сонда байлауы.
Исра және Миғраж
Көкте Адамның ұрпағына қарап күлуі мен жылауы
Миғражда дүние аспанында Адамды оң жағындағы қарайған топтарға (жәннаттық ұрпақтарының рухтарына) қарағанда күліп, сол жағындағыларға (тозақтықтарға) қарағанда жылап отырған күйде көруі.